Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылды. Осы жылы 10 орынға орнату жоспарланған. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары – Арбат демалыс саябағында, Гүлжан аялдамасындағы «Қызғалдақтың» жанында, Орталық саябақта, Қонаев пен Иляев көшелерінің қиылысында, «Моцарелла» мейрамханасының алдында және Гипер Хаус сауда үйінің тұсында ауызсудан ішіп, шөлін қандыра алады.
Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылды. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған. Алдағы уақытта қалада тағы 4 ауызсу бұрқағын іске қосу жоспарланып отыр.
© Didarbek.kz