“Nur Otan” партиясы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған жол картасындағы индикаторлардың 9 айда орындалуы, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қаламыздағы транспорт саласының мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлығын зерделеу мақсатында өткен мониторинг қорытындысы бойынша отырысы өтті.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер бойынша қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бірқатар ұсыныстар беріліп, нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 165 аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі күні 210 аялдама жабдықталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы 250-ге жеткізіледі.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласында 600 автобусқа пандустар орналастырған, 290 автобус пандустарымен жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған.