Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ANTIKOR. NEWS: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН 77 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН

ANTIKOR. NEWS: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН 77 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 10 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен қатар заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудың бұлтартпастығы маңызды қағидаттар болып табылатындығын атап өтті.
Спикердің айтуынша, жыл басынан Департаментпен 77 қылмыс тіркелген, оның ішінде 63 сыбайлас жемқорлық сипатындағы. Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды.
Жымқыру фактілері бойынша 17 қылмыс, парақорлық фактілері бойынша 48 қылмыс тіркелген.
Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау органдарында — 20, білім, денсаулық сақтау, құрылыс салаларында — 12 қылмыстан тіркелген.
Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 51 тұлға әшкереленіп, 16 адам сотталғанын хабарлады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу