Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

 

2021 жылғы 12 қарашада «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының  орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып жүргізіп отырды.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Абдукаримов Мақсат Серікұлы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Кеңес отырысында сайлауалды бағдарламаның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық Жол картасының  ағымдағы жылдың 10 айдағы қорытындысы талқыланды.

Жыл басынан бері кеңестің 10 отырысы өткізілді, оның ішінде 5-і көшпелі отырыс.

Кеңес жұмысында Жол картасының тармақтарына жауапты Жұмыспен қамту, еңбек инспекциясы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармаларының жұмыстары зерделенді.

Кеңес төрағасы М.Серікұлы әр басқарма бойынша жекелей тоқталып, зерделеу нәтижесі бойынша атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері мен кейбір көрсеткіштердің жылдық жоспарының орындалу деңгейі төмен екендігін атап өтті. Сондай ақ, бұған дейін өткен кеңес отырыстарында тиісті басқармаларға орындалмау қалу қаупі бар тармақтар бойынша тапсырмалар мен нұсқамалар берілгенін, жыл қорытындысымен партия филиалына орындалуы бойынша ақпарат ұсыну қажеттілігі тапсырылғандығын мәлімдеді.

Кеңес отырысын қорытындылаған Бекайдар Төлегенов 10 айдың қорытындысы бойынша Кеңес жұмысына оң баға беріп, Жол картасындағы бекітілген әрбір іс-шараның маңыздылығын атап, оның орындалуына баршамыздың белсенділік танытып, атсалысуға шақырды.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу