Өздеріңізге белгілі 2019 жылғы 21 тамызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту процесі басталды. Елбасының бастамасымен «праймериз» өте жоғары деңгейде өткізілді. Халықтың талап-тілектері мен ұсыныстары ескеріле отырып, партияның бес жылдық қалалық сайлауалды бағдарламасы дайындалды. Тұрғындардың қолдауымен сайлауда «Nur Otan» партиясы өңірімізде 78,6 пайыз дауыс жинап, аса басымдықпен жеңіске жеттік. Мәслихаттағы 30 мандаттың 24 орнын иеленіп, әлеуметтік квоталар ескерілді. Жаңа депутаттық корпус қалыптасып, мәслихаттағы — 1 хатшы, партия фракциясының мүшелері 23 депутатты құрап отыр.
Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 10 басымдықтар мен 149 іс-шарадан тұратын Жол картасына бес жылда іске асыру үшін 1,3 трлн. теңге қарастырылған.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жол картасының орындалуы бойынша өкілетті органдардың есептері тыңдалып, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.
Фракция мүшелерінің сайлауалды бағдарламаны іске асыруды бақылау бойынша партиялық жауапкершілігі күшейтілді.
Қазіргі таңда биылға жоспарланған іс-шаралардың 47 пайызы толығымен орындалып, қалғандары орындалу үстінде. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Қ.Байбектің қаулысына сәйкес, сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау мақсатында қалалық филиал жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылды. Отырыстарда 30-ға жуық резонансты мәселелер көтеріліп, 330-дан астам ұсыныстар тиісті мекемелерге жолданған. Фракция мүшелері екі қоғамдық кеңестің төрағасы және санаулы депутаттар кеңестердің мүшелері болып табылады.
Сонымен қатар, қаламыздағы 51 бастауыш партия ұйымдарының 11-де фракция мүшелері төрағалық етеді. Бұл өз кезегінде Жол Картасының сапалы әрі уақытылы орындалуына септігін тигізеді.
Бүгінгі күнге қаламызда 12,7 мың орындық 25 мектеп, 350 орындық 5 балабақша, тәулігіне 2,5 мың азаматты қабылдайтын 5 медициналық мекеме салынды. Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Қала тұрғындарын және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында 2 спорт нысаны, 7 стрит-воркаут, 73 спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Қаламыз мегаполис болғалы қосылған елді мекендердің мәселелері партия бағдарламасының өзекті де ауқымды бағыты. Шалғайдағы елді мекендерді дамыту және инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралдық және 10 елді мекенге ауыз су құбыры, кәріз жүйелері бойынша 3 магистралдық және 16 ішкі орамдық нысандардың, табиғи газ бойынша №3 АГРС және 2 магистралдық, 11 елді мекенге газ құбырлары, электр бойынша 3 подстанция және 15 елді мекенге ішкі жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр. Шілдеде Бозарық қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Нәтижесінде биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, газбен 93 пайызға, сапалы электрмен 97 пайызға жететін болады.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізу барысында фракция мүшелері белсене жұмыс атқаруда. Ай сайын орындалуы бақылауға алынып, сапасы мен тиімділігі қадағалануда. Себебі, біздің мақсатымыз — халыққа берген уәдемізді толық орындап, қаламыздың гүлденуіне, халық жағдайын жақсартуға үлес қосу. Осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беріп, тың серпіліспен алда болуға біз әрқашай дайынбыз. Бұның бәрі бағдарлама аясында жүзеге аспақ.
«Nur Otan» — жарқын жетістіктердің партиясы!
© Шымкент қалалық мәслихаттағы
«Nur Otan» партиясы фракциясы жетекшісі
Бекайдар Тулегенов