Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖОЛДАҒЫҒА ЖАНАШЫР БОЛ

ЖОЛДАҒЫҒА ЖАНАШЫР БОЛ

Возможно, это изображение (1 человек)
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы жалғасуда. Мерейтойға орай кезекті шараның тұсауы қарашаның 15 күні Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағындағы автотұрақта кесілді.
Возможно, это изображение (8 человек, люди стоят, на открытом воздухе и текст)
Желтоқсанның 16-на дейін созылатын «Жолдағыға жанашыр бол» акциясы еліміздің астанасында ғана емес, Алматы және Шымкент қалаларында да жалғасты.
«Жолдағыға жанашыр бол» шарасы — партия қызметкерлері, мүшелері мен еріктілер қатарындағы көлігі бар азаматтардың өз еркімен көтерген бастамасы. Қыс мезгілі жақындап, ауа-райы суыта бастаған соң, аялдама мен көше бойында тұрған қарттар, мүгедектер мен балалы аналарды тегін жеткізіп салу – шараның негізгі мақсаты. Сондай-ақ акцияның басты мән-мазмұны мұндай қайырымдылық шара кез-келген адамның қолынан келетінін насихаттау болып табылады.
Қайырымдылық амалына қатысуға бел буған 60 жеңіл көлік Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы алаңдарға жиналып, бір айға созылатын шара барысында жол ережесі, техникалық қауіпсіздік шаралары мен пандемияға байланысты талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтар алды. Жолдағыға жанашыр болатындар көлік әйнегіне «30 игі іс» атты арнайы белгі тағып, «Ауыл» партиясының аманатын қабылдады.
Возможно, это изображение (3 человека, автомобиль, дорога и текст)
«Ауыл» партиясы «Жолаушыға жанашыр бол» акциясына қатысуға ерік білдіргендер үшін, сондай-ақ басқа қалалар, облыс пен аудан орталықтарында осы іспеттес шара ұйымдастыруға ниетті азаматтарға партияның орталық аппараты жанынан байланыс орталығы құрылғанын хабарлайды. Нөмері: 8 (7172) 543266
© «Ауыл» ХДПП
баспасөз қызметі

Пікір жазу