Ордабасы ауданың әкімі Бағлан Батыршаев тілшілердің басын қосып, баспасөз мәлихатын өткізді. Бағлан Данебекұлының мәлімдеуінше, 2021 жылдың 9 айында ет 17 мың тонна, сүт 37 мың тонна, жұмыртқа 8 миллион дана өндіріліп, ірі қара мал басы 78 мың, қой-ешкі 446 мың, жылқы 29 мың, түйе 822, құс 366 мың бірлікті құрады.
Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын 550 басқа жеткізу жоспарланса, бүгінде мал бас саны 925-ге жетті. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 2 150 болса, қазіргі таңда 2 410 басқа жетті. «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар 277 бас болса, дәл қазіргі таңда жоспар 2 есеге артығымен орындалды.
Ал, өндіріс саласында жалпы 39 кәсіпорын жұмыс жүргізуде. Құрылыс индустриясы саласында жалпы 532 адам жұмыспен қамтылып, 17 қыш зауыты және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 6 карьер жұмыс жүргізуде.
Есепті кезеңге осы кәсіпорындармен 1 миллиард 599 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 353 миллион теңгеге немесе 111 пайызға артты.
Сонымен қатар, Қазақ ұлтының қалыптасу кезеңінде үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауындағы «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағынан Визит-орталықтың құрылысы басталды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іргетасы қаланған «Ордабасы сапар» орталығының жобалық құны – 1 миллиард 63 миллион теңге.
© Didarbek.kz