Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен
бірге Нұрсат м/а және Шаяхметов көшесінің жол құрылысымен таныстық.

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі – орталық магистралды көше саналатын Шаяхметов көшесі.
Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын. Қаланың маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Алем Транс Жол» ЖШС-ы атқарып жатыр.


Шаяхметов көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 1,6 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5см болады. Жаяужүргіншілер жолы мен қоқыс жәшіктері де жаңартылған.

© “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,

қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаев.

Пікір жазу