Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖАНМЕН ҚҰНДАС ҰЛЫ ҰҒЫМ.

ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖАНМЕН ҚҰНДАС ҰЛЫ ҰҒЫМ.

30 жылда ғасырға бергісіз даму жолынан өттік
Еліміз Тәуелсіздік алғалы да 30 жыл өтті. Бұл ата тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан экономикасы дамыған және әлем елдері мойындап үлгерген елдердің қатарына қосылды.
Тарихқа шегініс жасасақ, елімізде 1990 жылдың 25 қазанында ел қатарлы Егемендік туралы декларация қабылдады. Одан әрі 1991 жылы 16 желтоқсан күні тәуелсіздігін жариялап, заң жүзінде шынайы бостандыққа жеттік. Бұл қазақ халқының тарихында алтын әріптермен жазылған күн болып қалды. Бүгінгі ұрпақ біздер оның куәсіміз.
Иә, тарихи құжатқа қол қойылған күні Түркия Республикасы бірінші болып Қазақстан Тәуелсіздігін таныды. Осылайша әлем картасында Қазақстан атты тәуелсіз жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
90-шы жылдары елімізде тоқырау басталған-ды. Ауылдарда совхоздар тарап, қалада табыс көзі саналатын зауыт-фабрикалар жабылып жатты. Әскерден оралған біз секілді азаматтар екі қолға бір күрек жұмыс таппады. Күнкөріс қамы үшін сауда саласына қаншама адамдар кетті. Әр заттан пайда табуға тырысты. Менің кәсіпкерлік саласына бетбұруым осы жылдардан басталды. Арысы тауар іздеп Өзбекстан, Мәскеуге дейін барған күндеріміз есімізде. Еліміз егеменді ел атанып, сыртқы мемлекеттермен достастыққа қол жеткізді. Соның арқасында біз секілді азаматтар кәсіпкерліктің қыр-сырын зерттеп, ел мен жер араладық. Қаншама кәсіпкерлер бизнесте құлап, қайта тұрып жатты. Бұл жылдар сынаққа толы болғанымен, кәсіп иелері ТМД және шетелдіктермен тәжірибе алмасып, бүгінгі кәсіпкерліктің іргетасы қаланды.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің экономикасын көтеріп, әлеуметтік жағдайын түзеу жолындағы және елдік рухты асқақтату мақсатындағы жүзеге асырған барлық саясаты көз алдымызда болды. Мәселен, 1991 жылғы Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Егемендік нышаны – Елтаңба, Ту, Әнұранымыз бен төл теңгеміз шықты. Шекарамыз шегенделді.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қазақстан осы отыз жылда ғасырға бергісіз даму жолынан өтті. Тәуелсіздік жылдарында елімізде жүргізілген саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени реформалар өз жемісін берді.
21 ғасыр білімділер – ғасыры деп текке айтылмаған. Білімді болсаң ғана ақпарат ғасырында бүкіл әлеммен байланысып, жаңалыққа, жаңашылдыққа қол жеткізуге болады. Елбасы бұл тұрғыда қазақ жастарының шет елдерде «Болашақ» бағдарламасын білім алуына жағдай жасады.

Қазіргі таңда, Қазақстанда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, теңдесі жоқ өндіріс орындары ашылуда. Бүгінде қазақстандық өнімдер шет мемлекеттерге экспортқа шығуда. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы.
Дана халқымызда «Тау алыстаған сайын биіктейді» дейтін ұлағатты сөз бар. Қазақ елінің осы 30 жылда жеткен жетістіктеріне тарих өзінің лайықты бағасын беріп, келер ұрпақ бұл кезеңді мақтанышпен еске алады деп сенемін.

© “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,

қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаев.

Пікір жазу