Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ТІРЕГІМІЗ!

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ТІРЕГІМІЗ!

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  2017 жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» барлық қазақстандықтарды жаһандық үрдіске енуінің алғышарттары екенін атап көрсеткен еді. Қазақстандықтардың  рухани саналарының жаңғыруының  бағыттарын нақтылап, жаңғыру арқылы  әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуді басты бағдар еткен болатын.

Рухани саланы дамытудың жалғасы ретінде 2021 жылы 23 қарашада Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі деп атап өтті. Біз – тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз. Болмысы ерекше, рухани-мәдени мұраларға бай халықпыз. Қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек. Мұндай қасиеттер тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану арқылы келеді деген Елбасының пікірін назарға алып, ұлттық код пен ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіруіміз тиіс.

Елбасы 30 жылдан астам уақытта рухани салаларда көптеген реформалар мен нақты бағдарламаларды ұсынып жүзеге асырды. Еліміздің ертеңі өскелең ұрпаққа ата баба жолымен тәрбиелеуде өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қалатынымыз ақиқат. «Ұлтын ойлаған – ұрпағын түзейді» деген даналық өсиеті саналы әрі жауапкершілігі мол, ұлтжанды азаматтарды қалыптастыруға бағытталады.

Мәңгілік Ел боламыз десек, ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды, отанға деген сүйіспеншілігімізді одан әрі жаңғыртуымыз тиіс. Міне осы идеялар ХХІ ғасырдағы ең құнды ұстанымымыз болатынын алға тартты.

Әр азамат өз елінің патриоты, қоғамның субъектісі. Тарихқа үңілетін болсақ, ата бабаларымыздың жер үшін қаншама ғасыр бойы қан мен тер төккеніне куә боламыз. Елді, жерді, отанды сүю қазақ халқының қанына сіңген қасиет. Жастарды ұлтымыздың ұлы тұлғаларының даналық өсиеттерімен сусындатқанымыз жөн. Қиян-кескі дүниеде саналы ұлт қана жаһандық қатерлерге төтеп бере алады.

Рухани жандүниеміз қаншалықты терең болса, соғұрлым ұлтымыздың болашағы жарқын болады. Елбасының болашақтағы рухани салалардағы жаңғыртуды қолға алуы – келешек ұрпақтың Мәңгілік Елде мәнді өмір сүруін меңзейді.

Ұлттық рух, Отанға деген сезім, патриотизм ұғымдары қазақ халқының қасиеттері деп атап көрсетуге болады. Осыған орай әрбір қазақ өз ұлдарын тарихымыздағы ел аузынан ерлігімен есте сақталған батырлардың рухында тәрбиелей келе, бойларында ұлтжандылықты қалыптастырды.

Ұлттық идея – ұлттық сипаттан, ұлттық рухтан, ұлттық жанашырлықтан туындайтыны белгілі. Сондықтан әрдайым ата-бабаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, келешек жастарымызды тәрбиелеуіміз – біздің басты міндетіміз!

 

© Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары

Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы.

Пікір жазу