Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ресми » ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛУДА

ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 80 — тармақтың орындалуына жауапты болғандықтан, іске асырылуын бақылау мақсатында Шымкент қалалық маслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде «Рахат-Шымкент» ЖШС-нің жұмыс барысымен таныстым.

75 жылдық тарихы бар атақты «Рахат» фабрикасының Шымкенттегі «Рахат-Шымкент» ЖШС 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.

2020 жылы аталмыш өндіріс орнында тамақтан улану жағдайы тіркелген болатын. Сондықтан мұндай келеңсіздік орын алмау үшін жұмысшылардың жағдайымен танысып, кемшіліктерді ескерттім. Қазіргі уақытта асханада 4 аспазшы жұмыс істеп, барлық санитарлық талаптар сақталған. Дегенмен асханада көп қызметкерлер тамақтанбайтынын байқағандықтан, бас аспазшыға ас мәзірін жақсарту бойынша ұсыныстарымды айттым.

Жол картасының 60 — тармағында 80 мың тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Ал «Рахат-Шымкент» ЖШС 1000-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Әр жаңа желі іске қосылғанда, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар қатары толығып отырады.

Өндірістік цехтарда еуропалық өндірушілердің жаңа заманауи жабдықтары орнатылған. Кәсіпорынның өндірістік алаңы кезең-кезеңімен қосымша 12 жаңа технологиялық желіні орнатуға мүмкіндік береді. Болашақта «Lotte» желісіндегі өнімдерді шығару мүмкіндігі қарастырылуда. Өндіріс орны экономиканың азық-түлік өнеркәсібі секторын дамытуға игі әсерін тигізіп, өз кезегінде ел экономикасының дамуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы
Мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі.

Пікір жазу