Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ АРТАДЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ АРТАДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінде берген тапсырмаларының бірі – халық табысын арттыру. Бұл мақсатта Үкіметпен арнайы бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде, инфляция, халықты жұмыспен қамту, жекелеген топтағы азаматтардың жалақысын өсіру мәселелері қамтылмақ.
Осыған байланысты Шымкент тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бойынша маңызды ұсыныстар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Азаматтық қызметшілердің (білім, денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) жалақысын жыл сайынғы 20 пайыздық өсіммен қамтамасыз етуге биылғы жылдың бюджетінен 4 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылды.
24 мыңға жуық педагогтың айлығын 25 пайызға көтеруге де қаржы бөлінді.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шараларына бұл жылға жалпы 3,2 млрд. теңге жоспарланды. Оның ішінде жаңа бизнес идеяларға грант тағайындауға 735 млн.теңге қаралған. Президент тапсырмасына сәйкес грант мөлшері екі есеге, яғни 400 АЕК дейін ұлғайды.
© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу