Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Абылаев кетті, құйтырқылар қарқын ала бастады…

Абылаев кетті, құйтырқылар қарқын ала бастады…

б-11 б-12

Балтабек Абылаевты Оңтүстік Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымынан босатар кезде, елдегі ахуал жақсарады деп уәде бергендердің үміті ақталмады. Басқа-басқа, жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің кейбір құйтырқы әрекеттері еріксіз жаға ұстатады. Мәселен, Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында айдалада жатқан елдімекеннің белгілерін іліп қою арқылы көптеген көлік жүргізушілерін айыппұл төлейтін жағдайға тіреп қойған тәрізді. Ереже бойынша елдімекен ішіндегі жылдамдық сағатына 60 шақырымнан аспау қажет болса, халықаралық дәрежесіндегі бұл тас жолымыз әлгі елдімекен ішінен өтпесе де, ілінген белгілерге сәйкес, жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан асырып жүре алмайды (!). Бұл тек қана Оңтүстік Қазақстан облысында орын алуы мүмкін жайт сияқты. Өйткені, бұрынғы астанамыз – Алматы қаласы ішіндегі әл-Фараби даңғылында жүру жылдамдығын сағатына 80 шақырыммен ғана шектеген.

б-13

Ар жағын өздеріңіз топшылай беріңіздер!

Әсет Әссанди

Пікір жазу