Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру.

Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны енгізу аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің арнайы бланкілері әзірленді. Енді Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өз атынан мемлекеттік мекемелерге арнайы әзірленген бланкілерде сұрау жолдай алады.

Оған қоса, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітіліп, облыстағы әрбір аудан, қалалармен жұмыс жасайтын Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшелері айқындалды.

Ағымдағы жылғы 12 қазанында Сарыағаш ауданына жауапты Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов Сарыағаш ауданының Әлімтау ауыл округі, Әлімтау ауылының тұрғындарымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.

Кездесу барысында Әбілқасым Үсіпбайұлы пилоттық жобаның мақсатымен таныстырып, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы құқықбұзушылықтың салдарымен емес, оның себептерін анықтауға бағытталғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің міндеттерінің бірі мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алу екендігіне тоқталды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ә.Досболов мемлекеттік қызметшілер немесе мекемелер тарапынан орын алған кез келген құқықбұзушылықтар туралы шағымдарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің 8(7252) 51-51-51 сенім телефонына қалдыруға болатынын түсіндірді.

Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің қабылдау кестесімен Департаменттің memkyzmet.kz сайтында таныса алатынын атап өтті.

Өз тілшімізден

Пікір жазу