Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТІҢ БАЛМҰЗДАҒЫ ШАРТАРАПҚА ТАРАМАҚ

ШЫМКЕНТТІҢ БАЛМҰЗДАҒЫ ШАРТАРАПҚА ТАРАМАҚ

Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)

Бүгін БАҚ өкілдері баспасөз туры барысында Шымкент қаласындағы сүт өңдеуші кәсіпорындардың бірі «Doni ltd» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын директоры Жамал Миркамаловтың айтуынша, ірі кәсіпорынды басқарғанға дейін осы саладағы бизнестің талай баспалдақтарынан өткен. Яғни бұл кәсіпті алғашқы кезде өзі көшеде балмұздақ сатудан бастаған. Келе-келе табысқа қол жеткізіп, 2006 жылы жаңа сүт өңдеуші кәсіпорынның іргесін қалапты.
— Бүгінде кәсіпорында балмұздақтың 70, ірімшіктің 8 түрін шығарамыз. Өнімдерді ішкі нарыққа жөнелтеміз. Біздің тауарды шаһарымыздан бөлек елорда тұрғындары мен алматылықтар да тұтынады. Келешекте Ресей мен Өзбекстанға экспорттауды жоспарлап отырмыз. Өнімдерімізді оларға алдын ала таныстырдық. Көршілерге дәмі мен сапасы ерекше ұнап қалды, — деді Ж.Миркамалов.
Кәсіпкердің айтуынша, күн сайын зауытта 7-8 тонна сүт өңделеді. Жаздың күндері балмұздақтың саудасы қызатын шақта өңделетін сүт көлемі күніне 30 тоннаға дейін жетеді. Өнімге қажетті шикізат Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ, Қарамұрт секілді ауылдардан кәсіпорынның жеке көліктерімен тасымалданады. Балмұздақ, ірімшіктен бөлек кәсіпорында айран, қаймақ өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы инвестиция тарту және қайта өңдеу бөлімінің басшысы Индира Махатаеваның айтуынша, кәсіпорын өндірген қатты ірімшіктің әрбір келісіне мемлекет өз есебінен 28 теңге субсидия төлейді. Келешекте кәсіпорында сары май өндірісі қолға алынса, оның да әр келісіне субсидия қаралған. Жалпы үшінші мегаполисте 5 ірі сүт өңдеуші өндіріс орындарының барлығы да мемлекет есебінен осындай жеңілдіктерге ие. Ең бастысы субсидия көлемі экономика ахуалы қалай құбылса да жылдан-жылға ұлғайып келеді.

© «Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ,
фото: Серік ҚОСАЕВ

Пікір жазу