Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданындағы жұмыс сапары жалғасуда. Ендігі кезекте «Құрсай» шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, әрбірінің сұрағына нақты жауап берді.

Тұрғындар көтерген мәселелер қатарында жарықтандыру, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, жол салу, инженерлік желілер жүргізу, көгалдандыру және т.б. мәселелер бар. Сонымен бірге олар елді мекенді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар мен идеяларын да айтты.

Алдағы уақытта елді мекен тұрғындарымен бетпе-бет тұрақты кездесіп тұратынын айтқан қала басшысы мұндай кездесулер халықтың қажеттіліктері ескеріліп, шағын аудандардың дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.

Кездесуде айтылған өтініштер мен сауалдар бойынша қала әкімі аудан әкімі мен сала жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде «Құрсай» шағынауданында және 282, 283 орамда инфрақұрылым жүйелерімен қамту, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағынауданда 1480 үй (80%) ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда «Реголит» ЖШС шағынауданда және 282, 283 орамда ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың төртінші маусымында аяқтау жоспарлануда. Шағынауданға электр жарығы және табиғи газ толық жеткізілген.

Сонымен бірге, биыл 7 көшеге шағал тас, Қарнақ көшесі мен осы көшенің 4 тұйығына асфальт төселеді. Және Жеті жар мен З.Сатқанбайұлы көшесі жарықтандырылады. Бюджет есебінен 3 спорт және балалар алаңшасы салынады. 2021 жылы шағынауданды сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станция орнатылды.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу