Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Шымкентте модульдік полиция пунктері өз нәтижесін беруде

Шымкентте модульдік полиция пунктері өз нәтижесін беруде

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елімізде полиция қызметінің сервистік моделіне көшу жайлы тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, Шымкент қаласында полицияның заманауи пункттері қызметіне кіріскен. Солардың бірі — Әл-Фараби АПБ-на қарасты №23 модульдік полиция пункті. Онда тәртіп сақшыларының халықпен тығыз жұмыс істеуіне жағдай жасалып, тұрғындар көп жүретін қала орталығына қажет қондырғылармен жабдықталған.

Бұл бекетте қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайтын, аумақты патрульдейтін полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді. Яғни тұрғындар кез-келген уақытта сақшылардың көмегіне жүгіне алады.

Модульдік арнайы жарақтанған пункттер арқылы қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне заң талаптарының бұзылуы жайлы арыз-шағым жазумен бірге, өтініштеріне сәйкес түрлі қажетті заң кеңестерін де ала алады. Модульдік полиция пункттерінің құрамында учаскелік полицейлер, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар және полицияның жедел уәкілдері бар.

«Бұрындары полицияға жүгінер болсақ, басқармаға барып жүруші едік. Бүгінде осы модульдік полиция пункттері ашылып, тәртіп сақшылары мен тұрғындардың арасы жақындай түсті. Осы бастаманы қолға алып, ел игілігі мен халықтың амандығы үшін жұмыстар жүргізіп жатқан басшыларға алғысымыз шексіз»,-дейді қала тұрғыны Айгүл Нұрбекова.

«Осындай полиция пунктері көптеп салынса, тұрғындарға тиімді болушы еді. Халық біліп тұрады мәселесі болса, қайда баратынын. Біз бұл бастаманы тұрғындар болып қолдаймыз. Осы құрылыс басталғанда ойлап едік кәсіпкерлер көлік жуу орнын ашып жатыр ма деп, бірақ кейінірек ел игілігі үшін салынып жатқан модульдік полиция пункті екенін біліп қуандық. Қазір полицияның жұмысы жақсы. Әркез осында келіп жүгінеміз. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың өзі келіп, бізді тыңдап, мәселемізді қарап жатыр. Сондықтан, алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,-дейді зейнеткер Осербай Коштенов.

Айта кетейік, модульдік полиция пунктері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

© Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір жазу