Шымкентте 23 қаңтар күні 180 адамнан КВИ анықталды. Оның ішінде 88-де ауру белгілері анықталған болса, 92-де симптомпсыз болған. 68 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 112 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 828 орын бар, төсек орын толымдығы 47 пайыз. Инфекциялық стационарда 395 науқас, жансақтау бөлімінде 48 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 43 адам вакцина алды
(I компонент- 24, II компонент- 19). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 602 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 084 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 30 818 адам, II компонентін 13 673 адам қабылдады. Сондай-ақ, 69 264 адам ревакцинацияланды.
Қаламызда эпидеммиологиялық ахуал әлі де күрделі. Сондықтан вакцина салдырып, карантин режимін қатаң сақтайық. Қарапайым сақтық шараларын (қолды жиі жуу, антисептик қолдану, таза ауада көп жүру, адам көп шоғырланатын жерлерге бармау, иммунитет көтеру, қажеттілік болмаса шетелге шықпау) ұмытпайық!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі