Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » Қаламыздағы суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 7 елді мекенде ауыз су мәселесін шешу.

Қаламыздағы суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 7 елді мекенде ауыз су мәселесін шешу.

Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдан бастап «Үшсай» ЖШС мердігерлік мекемесі тарапынан «Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету (1 кезек)» нысанының құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
2. «Солтүстік Саяжай» шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың қараша айынан бастап «Бес Қара» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 151,9 шақырым. Ауыз су құбырларының 150,9 шақырымы жүргізілген.
Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
3. «Ынтымақ-2» шағын ауданында «Компания Ахмет» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2020 жылдың шілде айынан бастап ішкі су құбыры жүлелерінің құрылысы жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 136,8 шақырым. Ауыз су құбырлары толықтай салынған. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
4,5. «Батыс» және «Жаңатұрлан» шағын аудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың мамыр айынан бастап мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 151,9 шақырым. Ауыз су құбырларының 149,2 шақырымы жүргізілген.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
6. «Асар-2» ықшам ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың мамыр айынан бастап мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 156 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
7. Ақтас-2 шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында, мердігер мекеме «Алтын констракшин» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 50,9 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу