Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

«AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысына сәйкес қаланың инфрақұрылым жүйелері бойынша келесі жұмыстар атқарылуда:

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 5 елді мекен кестемен (Сайрам, Құрсай, Қайнарбұлақ, Сәуле, Жаңаталап), 7елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас, Асар-2).

2021 жылы 14 нысанның (о.і. 3 магистралды суаққы, 11 ішкі орамдық жүйенің) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

  1. 4,48 шқ Тұран
  2. 9,37шқ Асар-2 дейін
  3. 10,61 шқ Толеметовке дейін

 

  1. Тұран
  2. Асар-2
  3. Солтүстік саяжай
  4. Ынтымак-2
  5. Батыс
  6. Жаңаталап
  7. Нұртас
  8. Ақтас
  9. Сауле
  10. Құрсай 1-кезек
  11. Құрсай 2-кезек

Ағымдағы жылдың соңымен тасымалды 7 елді мекен және кестемен                    2 елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.

 

  1. Тұран,
  2. Солтүстік саяжай,
  3. Ынтымақ-2,
  4. Батыс,
  5. Жаңатұрлан,
  6. Асар-2
  7. Ақтас
  8. Жаңаталап
  9. Сауле ( ДКЗ)

Сонымен қатар, 11 айдың қорытындысы бойынша 2 магистралды суаққының (Көмешбұлақ 4,48 шқ магистрал. 9,37 шқ магистрал) және 6 елді мекеннің (Сәуле, Жаңаталап, Тұран, Ақтас, Асар-2, Ынтымақ-2) құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

 

Қаланың даму жоспарына сәйкес, алдағы 2 жылда ауыз су мәселесі толығымен шешіледі (2023 жылға 100%)

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу