Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан қалаларында салқын судың бағасы қанша?

Ауызсуды кесте бойынша алатын 25 мың тұрғыны бар 5 елді мекендеЖаңаталап шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тапсырмасымен мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. Жоба бойынша ауыз су құбырларының ұзындығы – 89,6 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
​Сәуле мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «АГАТ» ЖШС-гі тарапынан ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Ауыз су құбырларының ұзындығы ұзындығы – 55 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Құрсай елді-мекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында басқарма тарапынан 2 этаптан тұратын жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.
2 нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Риголит» ЖШС атқаратын болады. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдары жүргізілетін болады.
1 этап бойынша ауыз су құбырларының ұзындығы 185,5 шақырым. Бүгінгі таңда, ауыз су құбырларының 26 шақырымы салынған.
2 этап бойынша ауыз су құбырларының ұзындығы 151,3 шақырым. Бүгінгі таңда, ауыз су құбырларының 39 шақырымы салынған.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:
«Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» ММ-нің тапсырысымен, Шымкент қаласы, Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталып, 09.04.2021 жылы №57 келісім-шарты түзілді. Жоба құны — 42,329 млн тг. Келісім-шартқа сәйкес, жобалау-сметалық құжаттамасын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтап, сараптама қорытындысын алып, 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілетін болады.
Жоба аясында, Қайнарбұлақ тұрғын алабының Саяжай аумағында орналасқан 10 000-ға жуық халық ауыз сумен қамтылатын болады.

Сайрам тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша, «Сайрам» елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, қуаттылығы 40 000 м3/тәу. су жинақтағыш имаратының құрылысының жобасын әзірлеу бойынша қала әкімдігінің хаттамалық тапсырмасы қабылданды.
Бүгінгі таңда, жер асты су қорына талдау жүргізу мақсатында, су қорына іздеу-барлау жұмыстарын жүргізетін жобалаушы мекемемен келісімшарт түзу үшін смета жасақталып, 2022 жылғы бюджетке ұсыныс енгізілді.
Жер асты су қорының қуаттылығы жеткілікті болған жағдайда, су жинақтағыш имаратының құрылысына жобалау жұмыстары басталады.
2022-2023 жылы Сайрам елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету басқарманың басты назарында.

(85). Суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 7 елді мекенде ауыз су мәселесін шешу1. Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдан бастап «Үшсай» ЖШС мердігерлік мекемесі тарапынан «Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету (1 кезек)» нысанының құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
2. «Солтүстік Саяжай» шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың қараша айынан бастап «Бес Қара» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 151,9 шақырым. Ауыз су құбырларының 150,9 шақырымы жүргізілген.
Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
3. «Ынтымақ-2» шағын ауданында «Компания Ахмет» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2020 жылдың шілде айынан бастап ішкі су құбыры жүлелерінің құрылысы жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 136,8 шақырым. Ауыз су құбырлары толықтай салынған. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
4,5. «Батыс» және «Жаңатұрлан» шағын аудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың мамыр айынан бастап мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 151,9 шақырым. Ауыз су құбырларының 149,2 шақырымы жүргізілген.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
6. «Асар-2» ықшам ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың мамыр айынан бастап мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 156 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
7. Ақтас-2 шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында, мердігер мекеме «Алтын констракшин» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 50,9 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу