Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қалаға 260,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 пайызға артты.
Бұл өсім мемлекеттік бюджеттен 67,2 млрд.теңге, жеке көздерден – 193,5 млрд.теңге есебінен қалыптасты.
Қалада 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн.теңгеге 282 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.
2021 жылы құны 152,5 млрд.теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 23,8 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге және инвесторларға «бір терезе» қағидатымен консультациялар жүргізу, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету, сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инвесторларға қызмет көрсету барысында жолығатын шектеулер мен бөгеттерді жою және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Бизнеске арналған үкімет — Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс атқаруда.
Одан басқа, жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда (Іске асырылу мерзімі: 2021-2022 жж.). Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.