Мектепке дейінгі білім беру саласы
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен қаладағы 526 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 65 835 бала қамтылған. Оның ішінде, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығындағы 50 609 бала – 100%, 1-6 жас аралығындағы 75 900 баланың – 86,7%-ы (65 835 бала) қамтылған (жоспар – 86,2%).
Орта білім беру саласын дамыту
2021-2022 оқу жылында 202 мектепте 242 525 оқушы (2020 ж. – 226 679 бала) білім алуда. Оның 151-і (221 477 бала) мемлекеттік, 51-і (21 048 бала) жекеменшік мектеп.
Биылғы жылы 1-сыныпқа 26 569 бала қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік мектепке 22 646, жекеменшік мектепке 3 923 бала қабылданған (2020-2021 оқу жылы – 24 490 бала).
Кадрлық әлеуетті дамыту
Білім беру ұйымдарының басшылық лауазымына тәжірибесі бар, сапалы әрі білімбі басшыларды тағайындау үшін арнайы «Кадрлық резерв институты» құрылып, құрамына қала бойынша 186 адам тіркелген. Бүгінгі таңда кадрлық резервтің 28 үміткері мекеме басшылығына арналған тесттен шекті балл жинаған болса, оның 6-ы директор болып тағайындалған.
Сонымен қатар, сапалы кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау мақсатында педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Рrocess» ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылған.
Бүгінгі күнге дейін 2 144 бос жұмыс орны жарияланып, жұмысқа қабылданған 1 264 педагогтың 358-і үздік дипломмен, 180-і магистр, 27-і шет елдерде білім алған кадрлар.
2020-2021 жылдары педагогтардың жалақылары 50 пайызға ұлғайды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.