Ағымдағы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 89,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,7 пайызға артты.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 11,4 пайызға артып, 397,8 мың шаршы метрді құрады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржы көздері есебінен 1,6 млн.ш.м. 275 тұрғын үйдің (14 551 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде:
– бюджет есебінен – 374,1 мың ш.м. 79 үй (4 832 пәтер);
– «SHYMKENT» ӘКК» АҚ – 93,4 мың ш.м. 18 үй (1 080 пәтер);
– жеке салушылар – 721,0 мың ш.м. 178 үй (8 639 пәтер);
– жеке тұрғын үй (халықпен) есебінен – 430 мың ш.м.
Бюджет есебінен 79 тұрғын үйдің құрылысы 2 бағытта жүргізіледі: 22 – арендалық, 57 – кредиттік. Тұрғын үй құрылысы негізінен Әкімшілік-іскерлік орталық және Тұран шағын аудандарында жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджет есебінен 39 көпқабатты тұрғын үй (2432 пәтер, 192,8 мың ш.м) пайдалануға берілетін болады. Оның ішінде:
– кредиттік – 33 үй (2 096 пәтер, 169,4 мың ш.м);
– арендалық – 6 үй (336 пәтер, 23,5 мың ш.м).
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.