Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ІШКІ САЯСАТ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ІШКІ САЯСАТ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Шымкент әкімдігі "ақпараттық-насихаттау қызметіне" 90 млн теңге жұмсамақ

Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында «Мобильді топ» және  «Әлеуметтік зерттеулер» жобалары арқылы сауалнамалар жүргізу, кездесулер ұйымдастыру арқылы аймақтағы өзекті мәселелер зерттеліп, шешімін табу бойынша ұсыныстар енгізуде.

Шымкент қаласында 840-тан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.

2021 жылға арнайы 18 әлеуметтік жоба қарастырылып, «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Ресурстық орталық» ашылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша аудан әкімі аппараттары, құрылымдық басқармалар мен үкіметтік емес ұйымдар және қоғам белсенділерімен 312 іс-шара өткізілді.

Жыл меценаттары «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары анықталып, республикалық байқауға құжаттары жолданды.

Қала аумағында 23 тұрғын алап пен шағын ауданда өзбек, әзірбайжан және күрді этнос өкілдері тығыз шоғырланған. Тығыз шоғырланған аумақ тұрғындарымен 138 кездесулер өткізілді. Нәтижесінде этностар арасында орын алған жағымсыз жағдайлар биыл 3 есеге азайды (2020 ж. – 14, 2021 ж. – 5).

«Тәуелсіздік – бірлік пен тұрақтылық тұғыры» күн тәртібімен Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасынының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «30 игі іс» жобасы жүзеге асырылуда.

Жалпы Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық көмектерінің көлемі 53,5 млн. теңгені құрады.

Жыл басынан бері мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жұмыстарына 6 телеарна, 1 радио, 32 газет және 52 ақпараттық порталмен келісім-шарттар жасалып, қаламыздың дамуына қатысты оң имидждік материалдар кеңінен жариялануда.

Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде әр санында Шымкент қаласының 30 жылдық дамуы туралы мақалалар топтамасы шығарылуда.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Шымкент – менің махаббатым», «Тәуелсіздік табыстары», «Жаңашыл Шымкент — даму мекені» және «Қарышты қадам» тақырыптарында көп сериалы деректі фильмі әзірленуде.

«Ақпараттық-коммуникациялар орталығы» алаңында жыл басынан бері 141 баспасөз брифингі ұйымдастырылды.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу