Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Елшиева Альбина мен Исабеков Данабек қабылдауға келген бірнеше азаматтардың мәселелерінің шешілуіне қолдау көрсетті.
Соның ішінде аз қамтылған, үйі өртеніп кеткен көп балалы анаға (7 бала) үйін қалпына келтіруге көмек көрсетуге шешім қабылдаған болатын.
Қасиетті Рамазан айында өртенген көп балалы үйге барып, уәде етілген тоңазытқыш және төсеніш кілемдерін табыстады.
Алдағы күндері әлеуметтік жағдайлары бойынша құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетіп, мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда құқықтық көмек көрсететін болады.
Қасиетті Рамазан айында тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын!