Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАТЫНАСЫ БЕКИ ТҮСПЕК!

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАТЫНАСЫ БЕКИ ТҮСПЕК!

Жалпы, Қырғызстанның жаңа президенті екі ел арасындағы тиімді, бауырлас қарым-қатынасты одан әрі дамытуға күш салады деп ойлаймын. Оған себеп те жоқ емес. Біріншіден, екі мемлекет түбі бір түркі тілдес халықтар. Ал, екінші көршілес мемлекеттер. Үшіншіден, Қырғызстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық келісім бар. Бір елге төнген қауіп екінші бір мемлекетке әсер етпей қоймайды. Сондықтан, дәл қазір бір бағытта мүдделі нәтижеге жұмысты одан әрі қарай жалғастыру керек. Енді, Қырғызстандағы саяси жағдай тұрақталады деген сенім мол. Өйткені, демократиялы мемлекет өзінің таңдауын жасады. Халықтың басым дауысы мен сеніміне ие болған Сооронбай Жээнбеков билікке келді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін. Бұған дейінгі арандатушылық мақсатын көздеген әрекеттер екі ел арасындағы достық пен өзара көмектің көп ғасырлы байланысына нұқсан келтіре алмайды деп ойлаймын. Өйткені, бауырлас екі елді байланыстырып тұратын түп-тамырлары бір екенін білемін. Лайым солай болғай!

Болат ТІЛЕУБЕРДИЕВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Пікір жазу