Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҰСТАЗДАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ – 01

ҰСТАЗДАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ – 01

Шымкенттік ұстаздар латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты ойларын ортаға салды. Білім саласы қызметкерлерінің бас қосқан семинарда латын әліпбиінің соңғы нұсқасын кеңінен талқыланды. Бұл үлгінің тиімділігі диаграфтың болмауында, яғни «бір әріп — бір дыбыс» талабы сақталып отырғандығы көңіл қуантады дейді ұстаздар қауымы. Сонымен қатар, өңір педагогтерінің пікірінше, апострофпен жазу еш қиындық туғызбайтынына сенімді.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның мұғалімі Марфуға ӘБУТӘЛІПҚЫЗЫ:

– Қоғамның әрбір тынысымен тыныстап отырған ұстаздар қауымының бірі әрі өзім тіл маманы болғандықтан,әліпби ауыстыру мәселесіне бейжай қарай алмадым. Бұл — ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға деп санаймын. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен, ерекше мән бере қарағанымыз жөн деп білемін. Латын әліпбиін үйреніп алу да аса қиындық туғыза қояды деп те ойламаймын.

Оған қоса, ғалымдардың пікіріне сүйене баяндама жасаған ұстаздардың пікірінше, бұл халықтық шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты екен. Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түркі әлемімен байланысы одан әрі арта түсетінін де қадап айтуда.

Өз тілшімізден

Пікір жазу