Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ТАЛҚЫЛАНҒАН

ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ТАЛҚЫЛАНҒАН

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбында республикалық форум өз жұмысын бастады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдан бастап дербес бюджет 2 000 адамнан тұратын 175 әкімшілік бірлікте, 2020 жылдан бастап қалған алтауына енгізілетін (барлығы 181) болады.

Жиында сөз алған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізгеннен кейін жергілікті тұрғындар қаржының жұмсалуын қадағалай алатынын атап өтті.

«Заңда тұрғындардың бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жергілікті қоғамдастықтың жиналысына қатысушылардан тұратын комиссия арқылы ауылдық округтің бюджетінің орындалуы мониторингін жүргізу жолымен бақылау тетігі көзделіп отыр.

Осылайша жергілікті қоғамдастықтың мүддесін есепке алу арқылы бюджетті жоспарлауға және бақылауға мүмкіндік беретін тетіктер қарастырылды», – деді Жұмағұлов.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Зерде» оқу орталығымен бірлесіп, ауылдық округ әкімдерімен арнайы оқу курсын ұйымдастырды. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру тобы аудандарға барып дербес бюджетті және коммуналдық меншікті енгізу мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Ал облыстық мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығының базасында екі мың адамнан астам ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ экономика және қаржы бөлімдерінің қызметкерлері оқытылған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу