Түркістан қаласында “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.
Балалар жылы аясында ұйымдастырылған шара шаһардағы ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлауды мақсат етті.
“Бала — ұлттың болашағы, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Сондықтан да оларға барынша көңіл бөлуді назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ерекше балаларымыздың армандары асқақ, өмірлері бақытты сәттерге толы болғай!”-деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы.
Шара барысында бүлдіршіндер қаламыздағы жаңадан ашылған саябақтарды аралап, “Керуен сарай” кешенін қайықпен тамашалады.
Ұйымдастырушылар іс-шараның жоғары дәрежеде өткендігін алға тартып, игі іске жаны жомарт жандар көптеп атсалысса екен деген тілек білдірді.
Жиын соңында балаларға сыйлықтары таратылып, бүлдіршіндер әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.
Бүгінгі күн бүлдіршіндердің есінде көпке дейін қалары анық.