Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН

ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН

Ақылды көршіні төріне теңеген қазақ халқының көршілес мемлекеттермен ара қатынасының ұдайы дамып отыруы аса маңызды. Себебі, екі жақты келісімнің нәтижелі жұмыс жасамауы екі ел азаматтарына зардабын тигізуі мүмкін. Мәселен, өздеріңізге белгілі Алмазбек Атамбаевтің мәлімдемесі екі елдің арасына жік түсіруге тырысқан адамның әрекетін көрсетті. Дегенмен, екі мемлекеттің де саяси сарапшылары мұны кандидаттың сайлауалды шарасыз әрекетіне теңеді. Жүйесіз, негізсіз айтыла қойған сөздің астарына аса мән беріле қоймады. Тамыры тереңге кеткен, туыстас мемлекеттің арасына жік түсіре қоймайтыны анық. Себебі, қазақ-қызғыздың қатынасы тым әріден басталған. Қазақ-қырғыз ет жақын туысқан мемлекеттер. Тілі мен діні бір. Күні кеше 2017 жылдың 25 қазан күні еліміздің үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қатысты өз мәлімдемесін айтты. «Біз салық үлесі бойынша келетін зиян мөлшерін азайтып, контрабанда деңгейін төмендеткіміз келеді. Қазақстанның бұдан басқа көздеп отырған еш мақсаты жоқ. Бұл одақтағы басқа әріптестерімізге де қатысты» деп мәлімдеді Сағынтаев. Демек, шекара мәселесі жан-жақты ойластырылып, екі мемлекетке де қауіп-қатер төндірмейтін шешімнің жүзеге асып жатқанын көруге болады.

Қанай Әшірбеков,
Төлеби аудандық мәслихатының депутаты

Пікір жазу