Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ШЕКАРА БІЗГЕ ШЕК ҚОЙМАЙДЫ!

ШЕКАРА БІЗГЕ ШЕК ҚОЙМАЙДЫ!

Абай Андабай, «Бізбен бірге» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Қазақстан мен Қырғыстан келешекте өзара қарым-қатынастарының ары қарай дами түсетініне екі елдің сарапшылары сенім білдіріп отыр. Екі ел арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілсе, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өз пансионаты бар. Ғасырлар бойы жалғасқан екі жақты байланысты Алмазбек Атамбаевтің да мәлімдемесі үзе алмайды. Себебі, тамыры тереңге жайылған, тарихы ортақ екі мемлекеттің достығы мәңгілік.

Айгүл Алишер, Қазақстанның Жастар Конгресі ОҚО филиалының басшысы:

Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасы ресми түрде жақсы дамыған. Көлік транзиті, еңбек көші-қон мәселесі де жолға қойылған. Екі ел арасындағы байланыстың одан әрі дамығанын кешегі екіжақты үкімет басшыларының келіссөзінен аңғару қиын емес. Шекарадағы еркін қатынасты қамтамасыз еткен осы жолғы келіссөз өз миссиясын орындады. Жалпы мен Қазақстан азаматы ретінде екі мемлекеттің арасына сызат түсіргісі келетін бәзбір азаматтардың әрекетін түсінбеймін. Жалған не арам пиғылдағы әрекеттер мен еспе әңгімелер ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ қырғыз қатынасына едәуір нұқсан келтіре қоймасы анық. Қайта екі мемлекеттің бірлігін бекемдеп, ынтымағын нығайтуға үлес қосу қажет. Қырғыздың жанашыры қазақ, ал қазақтың жанашыры қырғыз халқы екенін жадымыздан шығармауымыз қажет.

Шымкент

Пікір жазу