Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ – 01

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ – 01

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалалық мақаласының жарияланғанына 6 айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында қандай жетістіктер бар? Нендей кемшіліктер назардан тыс қалып отыр? Бүгін бұл сауалдарға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен жиында жан-жақты жауап ізделді. Мәжіліске барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен баспасөз хатшылары қатысты.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған Ұласбек Сәдібекұлы ең алдымен Елбасының жарық көрген латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өтуге байланысты жарлығына сәйкес атқарылатын жұмыстардың күшейтілетінін атап өтті.

«Елбасы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың толық нұсқасы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып отыр. Онда «Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын» делінген. Ендеше, бүгіннен бастап, осы жарлықтың орындалуын бақылауға алып,баршашамыз жұмыла жұмыс істеуіміз қажет», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Жиында сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен аудан, қала әкімдіктеріндегі БАҚ құралдарының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу