Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Арыс ауылдық округіндегі «As-Salam» салтанат сарайында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев 2022 жылдың ІІ тоқсанында тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды қысқаша таныстырды.
Атап көрсеткендей,
1. Ауылдық округінде ардагерлер демалыс орындарын ашу.
— Қожақорған елді мекені, Ж.Меңлібаев көшесі, 0,34 орам аумағынан ардагерлер саябағы үшін жалпы көлемі 0,69 гектар жер учаскесі аудандық жер комиссиясының 2021 жылғы 19 қазандағы №24/22 қорытындысымен «Арыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің меншігіне тұрақты пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізілуде.
2. Қожақорған елді мекенінде электр жарығын қамтамасыз ету үшін қосалқы станциясы құрылған. Аталған қосалқы станциясын жақынарада іске қосып беру.
— Аталған елді мекенінде орналасқан электр жүйелерімен қамтамасыз ету үшін қосалқы станциясы жаңадан құрылып, 2022 жылдың тамыз айында пайдалуға берілді.
3. Жеке меншіктегі «Бөкенбай» каналын механикалық тазалаудан өткізіп, мемлекеттік меншікке қайтару.
— Ауыл округіндегі шаруа қожалығының иелерімен және «Ақсу» МКК-і мекемесімен бірлесе каналдың 8 шақырым бөлігі механикалық тазалаудан өтті. Сонымен қатар, аталған каналды жекеменшіктен мемлекет меншігіне өткізу бойынша заң талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Кездесуге келген жергілікті азаматтар жермен қамту, одан бөлек құрылыс нысанында жұмыс істеген азаматтарға тиесілі айлық-жалақыларын мердігерді төлетуге көмек көрсету сұранды.
Аудан әкімі және тиісті басшылардан тұрғындар сұрақтарына жауаптарын алды.
Кездесу соңында ауыл ақсақалы бата берді.