Ағымдағы жылы Сайрам ауданының орталығындағы Ұлы дала көшесінде орналасқан «AQSU» медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Екі қабатты ғимаратта жобаның қуаттылығы бойынша күніне 60 науқас қабылдай алады. Тұрғындарға күндізгі уақытта медициналық қызмет көрсетеді.
Кәсіпкер Индира Көпбаева өз есебінен 40 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қажетті көлік, медициналық бұйымдар мен жиһаздарды сатып алған. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау орталығында 50 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпкердің жұмысымен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков танысып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек пен ем көрсету жұмыстарын жалғастырудың қажеттілігін айтты.