Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АЛҒАШ РЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН САЙЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АЛҒАШ РЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Қ.Жандарбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Жайдарман» сайысы өтті. Әзіл додасына Қызылорда, Алматы, Шымкент, Атырау секілді өңірлерден жастар келіп, өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты.
Ойынның ашылу салтанатына аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков арнайы қатысып, барлық команданың ойыншыларына сәттілік тіледі.
Кешті «Жайдарманның» негізін қалаушы, «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен
жүргізді.
Әділ қазылар ретінде «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласы филиалдарының жетекшісі Марат Достаев бастаған беделді жастар қатысты.
Сайысқа облыс және қалалардан 8 команда жинақталып, 60-тан астам жайдарман ойыншылары өнерлерін паш етті. Жалынды жастардың арасында тек тәжірибелі топтар емес, жас құрамалар мен түрлі лигалардың жеңімпаздары да болды.
Сайыс нәтижесінде әділ қазылар алқасы тарапынан әзілдері үздік танылған командалар іріктеліп, 3-орын оралдық «Европолис» командасына бұйырды, 2-орынды «Ұлттық сапа» командасы иеленді. Ал, 1-орынды Қызылордадан келген «Қазалы» құрамасы қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласынан келген «Абырой» командасының ойыншысы Нұрғанат Ғалым «Үздік ойыншы» атанды. Барлық жүлдегерлер мен номинация иегерлеріне қаржылай сый-сияпаттар табысталды.

Пікір жазу