Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІНДЕ САЙРАМДЫҚ АЙТЫСКЕР-АҚЫН ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІНДЕ САЙРАМДЫҚ АЙТЫСКЕР-АҚЫН ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Леңгір қаласында Төлеби ауданының 90 жылдығына арналған «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық өнер шеберлерінің фестивалі болып өтті.
Фестиваль аясында жас айтыскер ақындардың сайысы өткізілді. Екі кезеңде төлебилік ақындармен айтысты. Бірінші кезеңде Жезмарал Байтуова, екінші кезеңде Бекарыс Рахматуллаев секілді ақындар болды.
Аталмыш сайыста жергілікті айтыскер-ақын, Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері Тұрсынбаев Мейірхан Халмағамбетұлы жүлделі 2-ші орынға ие болды.
Айта кетелік, М.Тұрсынбаев 1986 жылдың 25 қарашасында Ташкент қаласының Бөке ауданындағы Алқажар елді мекенінде дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2004 жылы бұрынғы атауы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Тассай елді мекеніндегі №91 орта мектепті бітіріп, Шымкент қаласына ОҚМУ–ға оқуға түскен. Аталған оқу орнында алғашқы еңбек жолын бастаған. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандық мәдениет үйінде әнші-термеші қызметін атқарып келеді. Шығармашылық жолында Т.Рысқұловтың 110 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысына, 2006 жылы облыстық «Жас ақындар» айтысына, 2007 жылы облыстық термешілер байқауына және Түлкібас ауданында өткен «Жарамазан жақсылықтың жаршысы» атты дәстүрлі өнер байқауларына қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарды иеленген.

Пікір жазу