Республика күні мерекесіне орай Әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесі №2/3 үйінің ауласы және Қарасу шағын ауданы №23 көпқабатты үйінің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, бүгін тұрғындардың игілігіне берілді. Пайдалануға берілген аулаларда су жаңа балалар ойын элементтері, бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ, Түркістан көшесі 2/3 үйінің ауласындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтті.
«Жалпы ағымдағы жылы ауданымызда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар алаңшасы және 9 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Одан бөлек, 9 спорт алаңшасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаз мезгілінде 28 аула абаттандырылса, бүгінде 22-і қолдануға берілуде»,- деді аудан әкімі.
Жаңа аулалардың лентасын қиюға қаламыздың халық қалаулылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
© Didarbek.kz