Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлы Ақсукент ауылының тұрғыны Б.Сақтағановты жеке мәселесімен қабылдады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жеке қабылдау барысында мүгедектігі бар ұлына қоларбамен қамтуға көмек беру мәселесін сұраған болатын.
Тұрғын баласы М.Сактаганов 1988 жылы туылғанын, оған 2014 жылы І топ мүгедектігі тағайындалғанын жеткізді.
Өз кезегінде әкім орынбасары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қоларба қарастыруды тапсырды.
Оңалтудың жеке бағдарламасында үлкендерге арналған серуендеулік және бөлмелік қоларба, жөргектер, сіңіргіш жаймалар, теріні тазартқыш, санитарлық кресло-орындық ұсынылған.
Осыған сәйкес, ағымдағы жылы 730 дана жөргектермен 1 жылға, сіңіргіш жаймалар, теріні тазартқыш, санитарлық кресло-орындықпен қамтылған.
Ал, серуендеулік және бөлмелік қоларба мәселесі шешімін тауып, бүгін тұрғынның үйіне жеткізіліп берілетіні түсіндірілді.

Пікір жазу