Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Исаев Сайрам ауданына іс-сапармен келді. Қайнарбұлақ ауылдық округі және Көлкент ауылдық округі Әкімдігі аппараттарында тиісті мекеме басшылары мен қызметкерлерімен семинар жиындар, кездесулер ұйымдастырылды.
Осы кездесулерге аудан әкімінің орынбасары, Сайрам ауданының әдеп Уәкілі Ш.Убайдуллаев және, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадрлар қызметі) бөлімшесінің басшысы Гани Айткулов қатысты.
Өткізілген семинар жиынында қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және әдеп кодексінің талаптарын қызмет барысында сақтау қажеттіліктері түсіндірілді.
Жиын соңында Мақсат Шамансұрұлы жергілікті азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізіп, оларға заң аясында түсініктеме берді.