Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінде Жібек жолы ауылдық округінің жергілікті ақыны Нышанәлі Мұсаұлы Ниязбектің «Жырлап өтер жүрегім!» атты мерекелік шығармашылық кеші өтті. Кешті ауыл биі, ауданның Құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының құрметті азаматы Айтқұл Керімбеков және Сиқым ауыл ақсақалы, ауылдық округтің құрметті азаматы Батырбек Ботанов құттықтау сөзімен ашып, аудан әкімі ұсынған Алғыс хатымен марапаттап, шапан жапты. Көпшілік назарына ақын Нышанәлі Мұсаұлының өміріне арналған бейнежазба ұсынылды. Гүлнар Сапарова, Ажаркүл Жұмабекова, Бекзат, Мәди сынды өнер иелері өнер көрсетіп, кешті жандандыра түсті. Модератор ретінде кешті ақын Марғуба Мұхтарқызы жүргізді. Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі Марғуба Мұхтарқызы, Гүлзат Барысқызы, «Мәртөбе» газетінде бірге еңбек еткен журналистер Ердәулет Сұлтан, Ахметжан Бердіқұл, сыныптастары мен Жібек жолы ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Медеуова, «Ақ отау әжелер» үйірмесінің мүшелері Күләйхан Тлеева, Қынан Бастарбекова, Орынкүл Тынымова құттықтау сөзін сөйлеп, шапан жауып, өнерлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, кешті қыздыра түсті. Әрі қарай бауырлары, ағайын-туыстары, Нышанәлі Ниязбектің мерейін үстем ете түсті. Нышекеңнің өлеңдерін кітапхана оқырмандары мәнерлеп оқыды. Ауылдың ақсақалдары және ақжаулықты әжелері ақ бата беріп, кеште дастархан жайылды.
«Қаламы қарымды журналист» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері, кітап, кітапшалары көпшілік назарына ұсынылды.
Ф.АБДИМАЖИТОВА,
Жібек жолы ауылының кітапханашысы

Пікір жазу