Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту аясында іске қосылған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі болып табылады.
www.elicense.kz порталы арқылы өтінішті тиісті органдар қабылдайды және өңдейді.
«Сайрам ауданының Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде www.elicense.kz порталы арқылы Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы қазанның 1-індегі № 301 бұйрығына сәйкес, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметтері қолжетімді.
Сондай-ақ «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» eGov.kz электрондық үкімет порталы арлылы «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 соттық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» айдары арқылы қол жетімді.
«Е-лицензиялау» порталына www.elicense.kz мекенжайы арқылы кіре аласыз. «Е-лицензиялау» порталы Қазақстан Республикасының (азаматтарына және ұйымдарына) жеке тұлғаларына, заңды тұлғаларына мемлекеттік қызметтерді электронды түрінде алуға мүмкіндік береді.
«Сайрам ауданының Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі