Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мақсатында «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында бірнеше іс-шаралар аудан көлемінде атқарылды.
2022 жылдың қаңтар айында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты бейнеролик түсірілді. Бейнероликте аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры З.Акпанова орталық туралы мағлұмат берді. Қазақ тілін меңгерген орыс ұлтының өкілдері Татьяна Щербина, Анастасия Наумец, қарашай ұлтының өкілі Зарина Узденова, ауған ұлтының өкілі Халил Даряби қазақ тілін қалай, қайдан үйренгені туралы көпшілікке баяндады.
Ақпан айында мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары арасында онлайн режимінде «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауы ұйымдастырылды. Наурыз айында Алғыс айту күніне орай «Рақмет саған, Отаным» тақырыбында өзге ұлт өкілдері Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын жеткізіп, алғыс айтты. Бұл туралы бейнеролик түсірілді. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында байқау, «Мен қазақша сөйлеймін!» онлайн акциясы ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында облыста ұйымдастырылған «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауына ауданымыздан түрік ұлтының өкілі Орхан Жахангерли Нафажафалиоглы қатысып номинация иеленді, «Ең үздік оқытушы» байқауында орталықтың қазақ тілі оқытушысы Шынар Сағынтаева бас жүлдені иеленді, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Көркемсөз оқу шеберлері» атты байқауға өзбек ұлтының өкілі Дилноза Ахмедова қатысып, номинация иеленді.
Сәуір айында «Ауыл — ел тірегі» жобасы аясындағы Құтарыс ауылында «Жаңа әліпби – болашаққа бастар жол» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Мамырда «Ауыл — ел тірегі» жобасы аясындағы онкүндікте Көлкент ауылында «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Сонымен қатар, Ақсу, Қарабұлақ, Құтарыс, Көлкент, Арыс ауылдарында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы аясында көшелер бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпарат құралдарының қатесіз жазылуына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Көлкент және Арыс ауылдық округі әкімшілігі қызметкерлерінен ҚАЗТЕСТ алынды.
«Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» аудандық акциясы аясында ауылдық округ көшелері бойында орналасқан 217 кәсіпкерлік нысанының маңдайша жазулары мен көрнекі ақпарат құралдарының қатесіз, дұрыс жазылуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек
берілді. Ауылдық округ әкімшіліктерінде ісқағаздардың жазылу үлгісі, ондағы «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Тілдерді оқыту және дамыту орталығында 20 мемлекеттік қызметкер ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуден өтті.
Аудан тұрғындарын Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халықтар достығының дәнекері саналатын халық тілдерінің абыройы артып, асқақтай берсін.
Зухра АҚПАНОВА,
Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің
директоры