Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛТ САУЛЫҒЫ -ЗОР БАЙЛЫҚ

ҰЛТ САУЛЫҒЫ -ЗОР БАЙЛЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырған жоқ. Сондай-ақ Президент медициналық оқу орындары жанынан ауруханалар мен емханалар ашылатынын мәлімдеді. Бұл бастаманың медицина факультеті студенттерінің тәжірибе алмасуында және олардың маман ретінде қалыптасуында маңызы зор.
Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің іргетасы. Жолдаудағы үшінші бағыт – ел болашағы үшін стратегиялық инвестиция. Әсіресе, алдағы үш жылда резидентураға берілетін гранттар саны 70 пайызға артады деген жақсы жаңалық. Сондай-ақ, медициналық оқу орындары жанынан ауруханалар мен емханалардың ашылуы студенттердің тәжірибе алмасуына, маман болуына жағдай жасауда. Бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесінің бірінші көрсеткіші – мамандар, яғни білімді, тәжірибелі дәрігерлер.
Жолдауда: «Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлерді даярлау жүйесін жетілдіру қажет.
Медициналық жоғары оқу орындарында көпсалалы ауруханалар мен емханалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға гранттар саны 70 пайызға артады.
Бұл шаралардың барлығы ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде нығайтады…» делінген.
Әділ қоғамның басты белгісі – әділетті азаматтар. Жаңа Қазақстанның дамуы әрбір азаматқа тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Назгүл ПАЛВАНОВА,
Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасының
бас медбикесі.

Пікір жазу