Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: «АҚСУКЕНТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

САЙРАМ: «АҚСУКЕНТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Сайрам ауданы «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына жолдаған жолдауын толыққанды түсіндіру мақсатында, «Қоғамдық Келісім» Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы,»AMANAT» партиясы Сайрам ауданы мәслихаты депутаты Сәкен Әбдіәшімұлы, партия филиалының сектор меңгерушісі Бейбіт Бақытбекұлы және мекеме қызметкерлерінің қатысумен жиын өтті.
Жиында Базарбай Мамадиярұлы Жолдаудағы басым бағыттарды түсіндіріп, Жолдаудағы саяси реформалар мемлекеттік басқару саласына тың өзгерістер әкеліп, мемлекеттің дамуына айрықша серпін беретініне тоқталып, оны жүзеге асыруда ел болып жұмылып әрекет ету керектігін жеткізді.
Сондай-ақ ел Президентінің жолдауда айтылған мына сөздері басты назарға алынды:
— Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға түспек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз.
— «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
— Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.
— Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ.
— Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!
— Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
— Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!
Партия жаңа саяси кезеңге, ережелерге және бәсекелестікке дайын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында халықтың пікірімен санасқан түрде сарапталған, жан-жақты ойластырылған және ең тиімді бағыттарды қабылдады. Ендігі кезекте оны жауапкершілікпен орындау әрбіріміздің ортақ міндетіміз, азаматтық борышымыздың есептелмес бөлшегі.
Жаңа Қазақстанды құруға қоғам болып атсалыссақ Президент айқындаған бағыттарға қол жеткізеріміз анық.

Пікір жазу