Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

САЙРАМ: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасындағы 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар кезең-кезеңімен орындалуда. Осы орайда электр энергиясымен қамту сапасын арттыруды қажет ететін Арыс ауылдық округінің тұрғындарының мәселесі оң шешімін тауып отыр. Осы уақытқа дейін Арыс ауылының тұрғындары мен Қарабұлақ ауылының тұрғындары ортақ қосалқы станцияның электр қуатын пайдаланып келген. Қазіргі таңда Арыс ауылдық округі Хожақорған елді-мекенінде қосалқы станцияның (ҚС-35/10кВ) құрылысы аяқталып, (сметалық құны 264, 2 млн. тг.) пайдалануға берілді.
Сайрам ауданының әкімі,«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібекұлы, партияның Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров және тиісті сала мамандары ауқымды жобаның жұмысымен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрды.
12 мың абонентті электрмен энергиясымен қамтып отырған Қарабұлақ станциясың 6 мың абоненті Арыс қосалқы станциясына қосылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарымызды тиісті кернеудегі электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
Ұласбек Сәдібекұлы Сайрам аудандық электр тарату жүйесінің басшысы Бақтияр Мұсабековке аудан тұрғындарын үздіксіз, сапалы электр энергиясымен қамту, тозығы жеткен бағаналар мен электр жүйелерін ауыстыру, инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазу