«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ерімбетов Бақтыбек Алиакбарұлы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы әрі фракция мүшесі Абдикадиров Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары Арыстанбай Мухтар Амангелдіұлы және аудандық МӘС-3 бөлімінің басшысы Саухимов Еркін азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға алғашқы болып базынасын айтып келген У. Кубегенова екі қызы және тілінде кемістігі барын жеткізіп, соған мүгедектік тағайындау қажеттігін алға тартты. Бұл мәселені дәрігерлік-консультативтік комиссия маманы Мекке Жұмаханұлы түсіндіріп өтті. Екінші болып арызын арқалап келген соқырлар қоғамының төрағасы(зағип жандар қоғамдық бірлестігі) Т. Керімаликов зағиптарға арналған шипажайға бару мәселесін көтерді. Аталмыш жайт бойынша нұсқау көрсеткен сала басшысы Ақылбай Жүсіпбекұлы ХҚКО арқылы тіркеу кезегіне тұрып, біртіндеп жолдама алатындығын тілге тиек етті. Ал, Н.Данаев 1-2 топ мүгедектігі бар азаматтарға міндетті зейнетақы жарналары ұсталып-ұсталынбайтындығын сұрап тиісті бөлім басшыларынан толыққанды жауап алды. Соңғы болып Н.Ергашовна Қарасу дәрігерлік-консультативтік комиссияда мобильді азаматтар базасына тіркеуге тұру жайлы сұрап тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ басқа да толғандырған, көкейде көп ой тудырған сауалдарын қойып, әр сал