Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАДАҒАЛАНАТЫН БОЛАДЫ

САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАДАҒАЛАНАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжілісті бастамас бұрын аудан әкімі ауданда қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін 59-шы турнирдің жоғары дәрежеде өткеніне аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевке аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, адами әлеуетті дамыту бөлімдерімен бірлесе ұйымдастырған жұмыстарына алғысын білдірді.
Күн тәртібінде жайылымдық жерлерді қайтару, аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының барысы, сонымен қатар Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 8 айдың қортындысымен атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы мәселелері қаралып, талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиев аудан тұрғындарын жайылыммен қамту мақсатында аудан аумағында жайылымдық алқаптарды ауданның арнайы жер қорына қайтару жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырғанын баяндады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында аудан аумағында игерілмеген және мақсатына сай пайдаланылмай отырған 1103,6 га жеке меншіктегі жайылымдық жерлер қайтарылды. Бұдан бөлек, қолданыстағы заң талаптарына сай, аудан тұрғындарының жайылымдыққа деген мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, елді мекендерге жақын орналасқан жерлердің тізімі жасақталып, 1797,9 га құрайтын 137 жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы және шалғайдағы 6573,22 га жайылымдық жер учаскелерін қайтару бойынша аудан әкімдігінің тиісті қаулылары қабылданған болатын. Аталған қаулыға сәйкес, алдағы уақытта жалпы көлемі 8371,12 гектар жайылымдық жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынатын болады. Қайтарылған жер учаскелері ауылдық округтердің әкімі аппараттарына тұрақты пайдалануға бекітіп беру жұмыстары жүргізілуде.
Келесі кезекте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев аудан аумағындағы барлық елді мекендерінде жүргізілген тазалық жұмыстарына тоқталды. Жұмыс барысында елді мекендердегі көше бойлары мен аяқжолдары ретке келтіріліп, арықтары мен ирригациялық жүйелері қоқыстардан тазаланып, жол бойындағы арам шөптері орылып, ағаштар әктелінді.
Бөлім қызметкерлерімен зерделеу барысында барлық ауылдық округі аумақтарында бей-берекетсіз қоқыстанып жатқан орындары анықталып, ауылдық округі әкімдеріне жою түрінде хабарлама берілді. Одан бөлек, ауылдық округтеріндегі ретсіз қоқыстарды жою жұмыстарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Сайрам Ауданы Ақбұлақ Ауылы ауылдық округінің әкімі Мурат Оразбаев бюджет, әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық секілді салаларда және ауыл округіндегі өзекті мәселелердің шешімін қарастыру бағытында атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Жоғарыдағы мәселелерді қорытындылаған аудан басшысы бірнеше тапсырманы жүктеді. Олар: аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына халықты жайылым жерлермен қамту жұмыстарын одан әрі ширату, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев жергілікті жер иелеріне мемлекет мұқтажына қажет жерлерді қайтару бойынша түсіндіру өткізу, ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты және өз деңгейінде жүргізу үшін әр ауылдық округтерінің әкімдері кәсіпкерлік нысан иелерімен заң аясында меморандум түзу, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және заң бөлімшелері осы жұмыстарды зерделеу әрі қадағалау, ауылдық округтеріндегі белсенді тұрғындарды тазалық жұмыстарына қатыстыру.

Пікір жазу