Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 19-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

САЙРАМДА ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 19-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Сыздықов, аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Аталған комиссия отырысын аудандық мәслихаттың мемлекеттік құқық мәселелері және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Сиддиков жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша бірінші кезекте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева, кейіннен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Кенжебаев баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың комиссияларының бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, сессия қарауына ұсынылды.
Жетінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында Сайрам аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-74/VІІ «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №37-241/VI «Түркістан облысы Сайрам аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қайта тыңдалды.
Сессия барысында әкім орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлы аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныстарына қатысты қазіргі таңда бюджетте қаржы жеткілікті екенін атап, тиісті саладағы нысанға қаржы қарастыру үшін ұсыныс, сонымен қатар құрылыс және жөндеу жұмысын жүргізу үшін құжаттарды уақытылы рәсімдеп, жинақтап ұсыну қажеттілігін жеткізді.
Жоғарыдағы мәселелерге орай, халық қалаулылары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті шешім қабылданып, бекітілді.

Пікір жазу