Түркістан облысында «Turan» интелектуалды сайысында Сайрам ауданының жастар командасы бас жүлде мен арнайы номинацияны иеленді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «TURAN» интеллектуалды ойыны өтті.
Аталған сайысқа Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген 44 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Оның ішінде ойынның финалына 8 команда жолдама алды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов барша қатысқан команда ойыншыларына алғысын білдіре отырып, ақтық сынақта қалған командаларға сәттілік тіледі.
Жастар арасында кеңінен танылған сайыстың қорытындысында Сайрам ауданының командасы ұшқыр ойлары мен зеректілігімен топ жарып, бас жүлде 1 000 000 теңге сыйақысымен «ЭРУДИТ» командасы иеленді.
Сондай-ақ, жоғары жүлдемен қатар, ойынға қатысқан Жанабек Хамраевқа «Үздік білімгер» номинациясы мен 250 000 теңге көлемінде сертификаты табыс етілді.